Алматы қаласының әкімі Е. Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы қаласының әкімі Е. Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысының "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда қала мәслихатының шешімімен Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық күнтізбесі (тоқсанына 8 кездесу) бекітілген.

Бүгін, 2022 жылдың 4 тамызында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен "Атакент"КІЫО конференц залында екінші рет кездесті.

Қала басшысымен кездесуге аудан тұрғындарынан басқа қалалық басқармалардың өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің қызметкерлері, "Аманат" партиясының мүшелері және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесу әкімнің баяндамасымен басталды, ол шамамен 10 минутты алды, ал қалған бөлігі "сұрақ-жауап"форматында өтті.

Шара барысында тұрғындармен көтерілген сұрақтар, ТК құрылысын салу, балалар ойын және спорт алаңын салу, әлеуметтік балабақшалар мен оқу орындарының нысандары, ТК құрылысы және басқалары төңірегінде болды.

Халықпен кездесу барысында Алматы әкімі ауданның негізгі проблемалық мәселелерін, соның ішінде инженерлік желілердің тозуы, әлеуметтік нысандардың шамадан тыс жүктелуі, қауіпсіздік, сондай-ақ абаттандыру және тарихи орталықты сақтау мәселелерін атап өтті.

Халықпен кездесу 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Қала басшысы тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесу аясында нақты тапсырмалар берілді, әкімдіктің жауапты бөлімшелері бекітіліп, мерзімдері белгіленді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев Халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсанына 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.