Бүгін, 2022 жылдың 6 шілдесі – Қазақстан Республикасының Астана күні.
6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні (қазіргі Нұрсұлтан күні) атап өтіледі, ол «Мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 маусымдағы № 47-IV Заңымен, Қазақстан Республикасында» мәжілісінің бастамасымен белгіленген.
Бостандық ауданы тұрғындары үшін бұл мереке дәстүр бойынша «Мега Алматы» Сауда сауықтыру орталығының амфитеатрының сахнасында ашық аспан астында өтті.
Аудан тұрғындары мен қала қонақтарына Бостандық ауданы әкімінің аппараты қазақстанның эстрада жұлдыздары мен балалар шығармашылық үйінің жас өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырды.
Шара кешкілік серуенмен аяқталды. Бұл күні оңтүстік шаһарымыздың 8 ауданындағы мәдени орындарда түрлі мерекелік іс-шаралар өтуде.