«Кеңешіл ел кемдік көрмейді» кеңейтілген кеңес отырысы өтті

«Кеңешіл ел кемдік көрмейді» кеңейтілген кеңес отырысы өтті

 Бүгін, ағымдағы жылдың 5 шілдесінде «Аманат» партиясы аудандық филиалы ғимаратында Бостандық аудандық ардагерлер кеңесі, Аманат аудандық филиалы және Бостандық аудандық ішкі саясат басқармасымен бірлескен кеңес отырысы өтті.

 Жиынға «Аманат» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Жамбулов Баймұрат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторы, профессоры, аудандық ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі Шеденов Өтеғали Қадырғалиұлы, ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Тикібаева Бүбішхан Қанапяқызы, МАБ кітапханасының меңгерушісі Колчина Юлия Викторовна, Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы Батима Алиярова және тағы басқалар қатысты.

 Кеңес отырысы барысында Бостандық аудандық ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің төрайымы Беспаева Әсен Сүлейменқызы, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Джамбулов Б.М., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доктор, профессоры Шеденова У.К. және ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Тикібаева Бүбішхан Қанапяқызының және аппарат басшысы Алиярова Б. баяндамалары тыңдалды.

 Жиын соңында отырысқа қатысушылармен ұсыныстар қабылданды.