ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бостандық ауданының тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бостандық ауданының тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дархан Сапанов Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовпен бірге азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Тұрғындармен кездесу "Amanat" партиясының аудандық филиалы ғимаратында өтті.

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторымен кездесуге 20 жуық азамат келді .Қабылдауға жазылған азаматтар жұмысқа тұру, сот ісінің жылжуына ықпал ету, материалды көмек көрсету және тұрмыс жағдайын жақсару сияқты  және тағы басқа  әлеуметтік сала мәселелерін қозғады.

ҚР ПӘ Мемлекеттік инспектормен бірге қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, қалалық басқарма өкілдері, аудандық құрылым басшылар мен аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары қатысты.

Олар азаматтардың барлық шағымдары мен өтініштері басты назарға алынып, бақылауда болатынын айтып жеткізді. Кейбір мәселелерге қатысты белгілі бір шешімдер ұсынылды.