Ауданның ардагерлер активі ҚР Конституциясына енгізілетін түзету жобасын талқылады

Ауданның ардагерлер активі ҚР Конституциясына енгізілетін түзету жобасын талқылады

Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның ардагерлер активі ҚР Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу жобасын талқылады.

Отырыс барысында Бостандық ауданының ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Асен Сүлейменқызы Беспаева 5 маусымдағы бүкілхалықтық референдумда талқыланатын ҚР Конституциясына енгізілген түзетулер туралы қатысушыларға түсіндіріп берді.

"Суперпрезиденттіктен" бас тарту, өкілді және атқарушы билік тармақтарының трансформациясы, азаматтарды мемлекетті басқару процестеріне тарту және т. б. сияқты конституциялық реформаның негізгі ережелеріне баса назар аударылды.

"Конституцияға енгізілетін түзетулер демократиялық өзгерістерге бағытталған, яғни олар әрбір қазақстандықтың өмірімен тікелей байланысты. Өлім жазасының күшін жою, еңбек бостандығы құқығы, Конституциялық сот пен жоғары аудиторлық Палатаның құрылуы, биліктің орталықсыздандырылуы және басқа да өзгерістер саяси және қоғамдық өмірге тек жағымды сәттер әкеледі", - деді ол.

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ академик, профессор, ауданы ардагерлер Кеңесі Президумының мүшесі Шеденов У. Қ., Алматы қаласы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Дараева Р.М., Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Сағынбекова Л. С.  және басқалар сөз сөйледі.

Талқылау соңында аудандық ардагерлер кеңесінің ұжымы ҰОС ардагерлерінің 77 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізу қорытындысын тыңдады.

Кеңейтілген отырысқа придидиум мүшелері, тұрақты комиссия төрағалары, ЗТМО мамандары, аудандық ардагерлер активі, ПИК және ЖӨБК мүшелері қатысты.