«Бояулар құпиясы» АРТ-байқаудың аудандық кезеңі өтті

«Бояулар құпиясы» АРТ-байқаудың аудандық кезеңі өтті

Ауданда өтіп жатқан «Алматы БалаФест-2022» фестивалі аясында балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, балалардың шығармашылығын танымал ету, балаларды ел мен қоғам өміріндегі маңызды оқиғалармен таныстыру, адамгершілікке, руханилыққа, толеранттылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Бостандық ауданында №199 мамандандырылған гимназияда «Бояулар құпиясы» АРТ-байқауының аудандық кезеңі өтті.

2022 жылы ҚР Балалар жылында орай ұйымдастырылған байқауға   ауданының 8 мектебі, атап айтқанда №10 ЖББМ, №38 ҚРГ, №65 ЖББМ, №81 МГ, №94 МГ, №189 ЖББМ, Ш. Құдайбердіұлы атындағы №190 ЖББМ, №199 МГ қатысып, ұсынылған 44 жұмысы әділқазылармен бағаланды.

«Бояулар құпиясы» АРТ-байқауына қабылданған жұмыстардың бәрі жоғары деңгейде, шығармашылық тұрғыда жақсы жасалған, тамаша туындылар.

Байқау қорытындысы бойынша №199 мамандандырылған гимназияның 6 «Ә» сынып оқушысы Бейсенбай Зере топ жарып, жұмысы қалалық кезеңге жіберілді.

Жүлделі орындар келесідей анықталды:

2 орын - 5 - 9 жас санаты бойынша, №94 мектеп-гимназия оқушысы - Малик Адина (Жетекшісі: Лесюнина Юлиана Феликсовна). 10 жастан 13 жас санаты бойынша, №65 жалпы білім беретін мектеп оқушысы – Дәулет Дария (Жетекшісі: Беличенко Елена Ивановна). 14 жастан 17 жас санаты бойынша, №65 жалпы білім беретін мектеп оқушысы – Сәрсенбек Алуа (Жетекшісі: Беличенко Елена Ивановна).

3 орын - 10 жастан 13 жас санаты бойынша, Ш.Құдайбердіұлы атындағы №190 жалпы білім беретін мектеп оқушысы – Мальцева Полина (Жетекшісі: Бақытбек Сәния Бақытбекқызы). 14 жастан 17 жас санаты бойынша, №81 мектеп гимназия оқушысы - Құрманбай Әліби (Жетекшісі: Тойлыбаева Айжан Тухфатуллаевна). 10 жастан 13 жас санаты бойынша, №189 жалпы білім беретін мектеп оқушысы - Стеболяев Тимур (Жетекшісі: Абенова Саулет Касымхановна).

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!