Ауданда Республикалық Референдум өткізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Ауданда Республикалық Референдум өткізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

12 мамыр 2022 жылы №17 Қалалық емханада Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша республикалық референдум референдумның өткізілуі туралы
ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Шара спикерлері  Республикалық «DAZ» неміс газетінің бас редакторы - Клименко Олеся Сергеевна , Алматы қаласының қоғам қайраткері – Сулиева Майра Мағауянқызы, №17 Қалалық емхана бас дәрігерінің м.а. - Ким Виктор Эдуарович, №17 Қалалық емхананың заңгері - Филимонова Наталья Викторовна болды.

 Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:
«Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік үлгіні жан-жақты өзгертуге бағытталған. Түзетулер басқарудың «суперпрезиденттік» түрінен ықпалды парламент пен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді біріктіруге арналған».

Өзекті мәселені талқылау барысында қатысушылар еліміздің ертеңі және ұрпақ болашағы үшін референдумға белсене қатысу қажеттілігін атап өтті. Референдум Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға әрбір азаматтың тікелей қатысуына мүмкіндік береді.