Алматыда WorldSkills Almaty-2022 аймақтық чемпионат басталды

Алматыда WorldSkills Almaty-2022 аймақтық чемпионат басталды

Бостандық ауданы базасында Балуан Шолақ спорт кешенінде WorldSkills Almaty-2022 аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

"Білімді ұлт "сапалы білім беру" ұлттық жобасын іске асыру аясында және жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және WorldSkills Kazakhstan Ұлттық қозғалысын қолдау мақсатында 2022 жылдың 11 мамырынан 20 мамырына дейін қала колледждерінің алаңдарында WorldSkills Almaty-2022 аймақтық чемпионаты өтеді.

Жарыстың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысты.

Чемпионат жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қатысушылардың құзыреттілігін кеңейтуге бағытталған.

"2015 жылдан бастап Қазақстан WorldSkills International халықаралық қозғалысының – алған кәсіби дағдыларын көрсететін жарыстардың мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады. 21 колледж базасында өтетін чемпионат алаңдары сіздер үшін кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықты таңдау мақсатында ашылады", - деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Чемпионатқа 51 құзыреттілік бойынша 350-ден астам жас мамандар қатысады. WorldSkills Almaty шеңберінде Abilympics және DeafSkills чемпионаттары қатар өтетін болады, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер өздерінің бірегей таланттарын ашады. WorldSkills Almaty-2022 жарыстары WorldSkills International халықаралық чемпионатына қатысу үшін үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Алматыда 36 жоғары оқу орны орналасқан, онда 182 мыңнан астам студент оқиды. Қалада жалпы контингенті 73 719 студент болатын 83 колледж (23 – мемлекеттік және 60 жеке) жұмыс істейді. Техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарында кадрлар даярлау 99 мамандық және 165 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. 2022 жылы колледжде білім алушыларды қабылдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 3500 орынға – 11 405-тен 14 900 орынға дейін ұлғайтылды.