Алматылықтар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Алматылықтар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Алматыда 1941-1945 жылдары фашизмге қарсы күрес батырларын еске алды. 

Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және ардагерлерді құрметтеу күніне арналған іс-шара дәстүр бойынша 28 панфиловшылар паркінде өтті.

Мемориалға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ "Батырларға тағзым"шеруіне қатысушылар гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімнен кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне салтанатты түскі ас ұйымдастырылды, оның барысында қала басшысы майдангерлерді мерекемен құттықтап, соғыс жылдарындағы ерліктері үшін алғыс білдірді және ұзақ өмір тіледі.

 Алматылықтар "Батырларға тағзым"акциясы аясында шерумен өткізді.  Көбісі 1941-1945 жылдары соғысқан Әкелер мен аталардың портреттерін алып жүрді. Барлық тілек білдірушілерге Жеңіс ленталары таратылды.

Мәдениет және демалыс саябағынан 28-панфиловшылар саябағына дейінгі шерумен қатар гүл шоқтарын қою рәсімі басталды.

Фашизмге қарсы күрес батырларын еске алуға және ардагерлерге алғыс білдіруге мыңдаған алматылықтар келді.