"2022 жылдың 16 сәуірі сағат 22:00 — ден 17 сәуірі сағат 6:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданында Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада.
Көлік жүретін бөліктің астынан өтетін жылу желілеріндегі авариялық жұмыстарды (жабынның авариялық плитасын ауыстыру) жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, осы учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", — деп хабарлады коммуналдық қызметтер.