Алматы әкімдігі оқиға болған жерге ескерткіш орнатуға конкурс жариялады

Алматы әкімдігі оқиға болған жерге ескерткіш орнатуға конкурс жариялады

Алматыда қаңтардың қайғылы оқиғаларына арналған ескерткіш орнатылады.

Қала әкімдігі ескерткіш нысанының құрылыс тұжырымдамасына конкурс жариялады.

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы ашық конкурсқа өтінімдерді бүгіннен бастап 2022 жылдың 10 ақпанына дейін қабылдайды.

Байқауға жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да қатыса алады.

Мемлекет басшысының Алматыға жақында жасаған сапары кезінде мемориалдық кешенде алматылық оқиғаларды мәңгі есте қалдыруды тапсырды.

Конкурстың шартына орай ескерткіш қоршаған ортаға үйлесімді болуы тиіс. Оны жасағанда сапалы материалдарды пайдаланған жөн.

Ескерткіш Сәтбаев көшесінің оңтүстігі мен Назарбаев даңғылының батысына қарай қалалық әкімдік жанындағы скверде орнатылмақ.

Қосымша ақпаратты Алматы қ., Абай даңғылы 90, (3-қабат) мекенжайы немесе 8 (727) 240-80-00 телефоны бойынша алуға болады», - деп мәлім етті әкімдік баспасөз қызметінде.