ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды

Алихан Смаилов стал новым Премьер-Министром РК. Об этом стало известно в ходе заседания в МажилисеҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды.

Айта кетейік, бүгінгі Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын депутаттардың қарауына ұсынған болатын.

Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.