Алматы полициясы отбасылық жанжалдар мен агрессорларды тексеруде

Алматы полициясы отбасылық жанжалдар мен агрессорларды тексеруде

2021 жылдың  25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Алматы қаласының аумағында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» акциясы басталды.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданатын шаралар туралы халықтың қалың жігін таныстыру болып табылады.

Акция аясында халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасылық - тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау және есепке қою, сондай-ақ олардың тарапынан тұрмыс саласындағы қылмыстарға жол бермеу", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Манап Саттаров.

Сондай-ақ, акцияны өткізуге консультативтік-құқықтық және психологиялық көмек көрсету бойынша Сенім телефондары жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары белсенді қатысады.

Егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз немесе сіз осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, келесі телефондар арқылы полицияға хабарласуыңыз керек:

Алматы қ. КД 254-45-99   

Алмалы ауданының УП 254-46-24,      

Алатау ауданының УП 227-55-54,

Әуезов ауданының ПБ 298-53-33,       

Бостандық ауданының УП 254-47-32,  

Жетісу ауданының УП 254-49-43,

Медеу ауданының ПБ 254-48-66,

Түрксіб ауданының ПБ 298-54-25,      

Наурызбай ауданының ПБ 254-49-48

Дағдарыс орталықтарының телефондары:

 

"Родник" ҚҚ-396-19-38;

 "Жан-Сая" КММ - " 150 " (жасырын, тәулік бойы) немесе 87772255326.

 "ARASHA" КҚ -3175717