Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

2021 жылы 22 қараша күні Бостандық ауданы әкімі А. Рахимбетов бекітілген жұмыс кестесіне сай кезекті қабылдау өткізді.

Аудан басшысымен өткен азаматтардың жеке қабылдауына 5 азамат жазылып келді. Оффлайн қабылдау апта сайын өткізіледі. Бұл «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» тұжырымдамасы аясында кері байланысты едәуір күшейтуге және аудан тұрғындарының сұраныстарына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

 Қабылдауға әкім орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары қатысты.