"Перинатология және балалар кардиологиясы қызметіндегі инновациялық технологиялар" ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

"Перинатология және балалар кардиологиясы қызметіндегі инновациялық технологиялар" ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бостандық ауданының базасында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында "Перинатология және балалар кардиологиясы қызметіндегі инновациялық технологиялар" атты тақырыбта халықаралық мамандардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс- шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының 10 жылдығына арналған.

Конференцияның басты мақсаты - жинақталған тәжірибемен бөлісу, орталықтың қол жеткізген нәтижелерін талдау, сондай-ақ басым бағыттар бойынша Болашақтың соңғы ғылыми жетістіктері мен технологияларын талқылау.

Конференцияға ҚР Мәжіліс Парламентінің Депутаты Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы, еліміздің барлық өңірлерінен және шетел мамандары қатысты.

Конференция үш бағыт бойынша өтті

* ҚР Акушерлік және гинекология,медициналық генетика және функционалдық диагностиканы дамыту тұжырымдамасы

* ҚР балалар кардиохирургиясы қызметінің өзекті мәселелері

* Неонаталдық қызметтің өзекті мәселелері

  Атап өткен жөн, акушерия, неонатология, балалар кардиохирургиясы, анестезология, генетика және ультрадыбыстық диагностика саласындағы шетелдік әріптестерді тарта отырып, еліміздің жетекші ғалымдарының қатысуымен өткен конференция жоғары ғылыми және білім беру деңгейінде өтті.

 Конференция перинаталдық медицинаның әртүрлі салаларында дамып келе жатқан практикалық дәрігерлерге арналған мектеп болатыны сөзсіз.