Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Бүгін 2021 жылы 22 қазан күні Бостандық ауданы әкімі А. Рахимбетов кезекті қабылдау өткізді.

Офлайн режимінде өткен азаматтардың жеке қабылдауына 6 азамат қатысты. Олар 10-нан астам сұрақ қойды.  Оффлайн қабылдау апта сайын өткізіледі. Бұл «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» тұжырымдамасы аясында кері байланысты едәуір күшейтуге және аудан тұрғындарының сұраныстарына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Негізінен, тұрғындар аула аумақтарын абаттандыру, жарықтандыру, жылыту және әлеуметтік көмек алу мәселелеріне жүгінеді.

Қабылдауға әкім орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары қатысты.