Мұғалімдер арасындағы спорттық жарыстар өтті

Мұғалімдер арасындағы спорттық жарыстар өтті

Бостандық ауданы №40 ЖББМ жабық стадионында жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері арасында волейбол, мини-футбол және үстел теннисінен олимпиада іріктеу кезеңі өтті.

Қалалық кезеңнің жарыс қорытындысы бойынша Бостандық ауданы үстел теннисінен 1 - орын және әйелдер арасында волейболдан 1 - орын алды.

Жүлделі орын алған волейболдан әйелдер командасы мен үстел теннисінен командасы (2 ер адам және 1 әйел адам) 2021 жылғы 2 қарашада Нұрсұлтан қаласына республикалық кезеңге жолдама алды.