Дененің саулығына жағымды әсер ететін шаралардың бірі-таңертеңгі жаттығу. Бойға күш-қуат жинау үшін пайдаланылатын таңғы уақыт-бұл күні бойы жақсы көңіл-күй мен сергектіктің және салауатты өмір салтын ұстанатын денсаулықтың кепілі.
"Қарттар күні" айлығы аясында «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы шеңберінде Бостандық ауданының ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ҚІЫО «Атакент» аумағында жүйелі түрде таңғы жаттығулар ұйымдастырылып келеді.
Бүгінгі таңда дені сау ұлттың – болашағы зор екені баршамызға аян. Сондықтан елімізде Елбасымыздың бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Осы бағытта ардагерлердің де сүйікті спорт түрлерімен және түрлі жаттығулармен айналысуға мүмкіндіктер жасалуда.
Ауданда өз денсаулықтарына серпін беріп салауатты өмір салтын ұстануға таңертеңмен ерте тұрып жаттығу жасауға асығатын ардагерлер қатары көбейіп келеді.
Бүгін осыған орай Бостандық ауданы әкімінің атынан таңғы жаттығуларға белсенді қатысып жүрген ауданның бір топ ардагерлерін алғыс хатпен марапаттады. Қарияларды құттықтаймыз!