
1 қазан бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күнін атап өтуде. Мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылдың желтоқсанында бекіткен.
Бүгін 1-қазан күні "Nur Otan" партиясы Бостандық аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Рахимбетов Алтай Ерғазыұлы, партия төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұратханұлы бастаған партия мүшелері және Бостандық аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Беспаева Асен Сулейменқызымен бірге, "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Бостанық ауданының ардагерлерін құттықтап, шаңырақтарына барып қайтты.
Аудан басшысы ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық жылулық пен амандық тіледі.
Қазан айы бойы ауданның қарт адамдары мұражайларға, сұлулық салондарына, емханаларға, моншаларға, шаштарздарға және басқа да әлеуметтік нысандарға тегін бара алады
Сондай ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулер, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін өткізетін болады.