Алматыда кітап фестивалі өтеді

Алматыда  кітап фестивалі өтеді

Алматыда қала күніне орай «KITAP FEST 2021» кітап фестивалі өтеді.

KitapFest- бұл 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін кітап фестивалі. 7 жыл ішінде республикалық зияткерлік платформаға айналды. Шара 25 қыркүйек күні  Бостандық ауданында «Форум» сауда орталығында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша көрмеге шамамен 500 адам қатысады.

Биыл фестиваль пандемияға байланысты шектеулі форматта өтеді. Келушілер саны 500-ден аспайды. Кіру шарттары: ASHYQ қосымшасында «жасыл» статус болуы керек. Міндетті түрде маска режимі сақталады. Фестиваль аясында дәрістер, жазушылармен кездесу, кітаптардың тұсаукесерлері мен байқаулар өтеді.

«KITAP FEST 2021» аясында:

- Спикерлердің баяндамаларын онлайн-трансляциялау;

- кітап алмасу, соның арқасында сөрені түрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі пайда болады;

- жазу шатыры.

Отандық жазушылар өз кітаптарын ұсынып, сөз сөйлейді;

- кітап жәрмеңкесі.

Кітап дүкендері, баспалар және интернет-дүкендер көрмеде өз өнімдерін ұсынады, қаласаңыз өзіңізге ұнайтын әдебиеттерді дәл сол жерде сатып ала аласыз;

- Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы. Әр түрлі белсенді шаралар қарастырылған.