Ауданның кішкентай тұрғындары қала күнін атап өтті

Ауданның кішкентай тұрғындары қала күнін атап өтті

Алматылықтар қала күнін  жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтеді.

Биылғы жылы да, өткен жылдағыдай, тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық іс-шаралар онлайн-режимде өтті.

Дегенмен, қала күнін мерекелеу аясында бірқатар нысандар өз жұмысын жалғастырды, олардың ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған кинотеатрлар, ойын сауық оратлықтары, парктер бар.

Бостандық ауданы әкімінің аппараты аудандағы аз қамтылған және көп балалы отбасылар балаларына "Атакент" кинотеатрында тегін анимациялық мультфильмдер көру шарасын ұйымдастырып өткізді.

Сондай-ақ, бұл күні Крылов атындағы орталық балалар кітапханасында  ауданы әкімінің аппаратымен аудан мектептерінің оқушыларының «Тәуелсіздік жылдары» атты онлайн - сурет көрмесін ұйымдастырып өткізді.