Бостандық ауданы әкімінің жеке қабылдауы өтті

Бостандық ауданы әкімінің жеке қабылдауы өтті

Бүгін Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдады.

Кездесуге үш адам жазылып келді. Саурбаева Майра тұрғындардың аула аумағын жөндеу бойынша идеяларын ұсынды. Келесі Әсия апа ішкі істер органдарындағы тергеушілікті жеделдету мәселесі бойынша  жәрдем сұрайды. Ротова Нилла Торайғыров көшесіндегі тротуарды  сапасыз суару туралы шағыммен келді. Барлық сұрақтар бақылауға алынды.

Қабылдауға Бостандық ауданы әкімнің орынбасары Маржан Балбаева, әкімі аппаратының бөлім басшылары қатысты.