Батыр панфиловшы 100 жасқа толды

Батыр панфиловшы  100 жасқа толды

Бүгін Бостандық ауданының тұрғыны, аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы Қайырлы Жоңқабаев  ата100 жасқа толды.

Соғыс ардагерін Мемлекет басшысы атынан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Бостандық ауданының әкімі А. Рахимбетов ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Еңбегі үшін" төсбелгісін табыстап, ақсақалға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Ақсақалға қала әкімдігі ғимараттары алдында құрметті қарауыл және Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі құрмет көрсетті.

Ғасыр құрдасы Қайырлы атаның  5 баласы, 7 немесі бар, 14 шөбересі бар.

Қайырлы Уатайұлы Жонқабаев-1941 жылдың қазан айында әскерге шақырылып, соғыстың соңына дейін болған. Мәскеу маңындағы 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясына тап болған.

Жеңісті Кенигсберг қаласының шетінде қарсы алды және соғыстан кейін Калинин қаласының комендатурасында қызмет етті.

Марапаттары: Қызыл Жұлдыз ордені, 2 – дәрежелі Отан соғысы ордені, Халықтар Достығы гвардиялық Ордені, Ерлігі үшін медалі және медальдар-18 дана.

1946 жылдан 1970 жылға дейін Самар ауылында ШҚО еңбек еткен. Осы жылдар ішінде Батинский май зауытының директоры, Самар мемлекеттік сақтандырудың учаскелік инспекторы, Самар аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, аудандық тұтынушылар одағының аудандық филиалының директоры, аудандық тұтынушылар одағының қоғамдық тамақтандыру директоры болып жұмыс істеді. 1970 жылы директордың орынбасары, ал 1974 жылдан Лениндік асханалар мен мейрамханалар тресінің №120 асханасының директоры болып жұмыс істеді.

1982 жылы мамыр айында зейнетке шыққан.