Заңгер азаматтарды онлайн қабылдады

Заңгер азаматтарды онлайн қабылдады

Nur Otan "Партиясының Бостандық аудандық филиалында аудандық филиалының төрағасы бекіткен кестеге сәйкес карантин талаптарын сақтау мақсатында жеке қабылдау өтті.

Қабылдауды Бостандық аудандық партия филиалының МҚК мүшесі, заңгер Сюй-Мин Александр Анатольевич жүргізді.

Қабылдауға 5-тен астам адам алдын ала жазылған. Олардың бірі алты айдан астам уақыт бойы «Дельта» қауіпсіздік агенттігінен жалақы ала алмай жүргенін айтты. Оған қолда бар құжаттарды зерделегеннен кейін қажетті қадамдар қабылдау үшін, оның ішінде осы мәселені соттан тыс тәртіппен шешу мүмкіндігі үшін заңдық кеңес берілді.

Келесіде жалғызбасты ана айлық жалақысын бұғаттап қою мәселесі бойынша кеңес сұрады. Өтініш берушіге банк алдындағы қарызын өтеудің қолайлы кестесін жасай отырып, қарызды бөліп-бөліп жабуға мүмкіндік беру туралы өтінішпен ЖСО-ға жазбаша өтініш беру ұсынылды. Мүгедек баласын тәрбиелеп отырған анаға тиісті жеңілдіктер алу үшін қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жүгінуге  ұсынылды. Зейнетақы көлемін өзгеруді қарастыру сұрағымен келген азаматтың өтініші қарастырғаннан кейін зейнеткерге оның құқықтары, сондай-ақ Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың міндеттері түсіндірілді.