Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Алматы қаласы  Бостандық ауданында 30 шілде күні бірқатар ғимараттар суық судан бірнеше сағатқа ажыратылады, деп хабарлайды «Алматы су» МКК.

30 шілде күні сағат 9:00-дан 17:00 дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы Гагарин - Ходжанов - Өтепов - Жароков - Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық су беруден ажыратылады.

Суық сумен жабдықтау қызметтеріне енгізілетін шектеулер магистральдық желілерге жаңа су құбырын қосу үшін қажет.

Өшіру уақытында денсаулық сақтау, білім беру нысандарына және әлеуметтік саладағы өзге де ғимараттарға автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады.