Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқаудың қорытындысы шықты

Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқаудың қорытындысы шықты

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңі жеңімпаздарына марапаттады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы бекіткен болатын. Байқау дәстүрге айналды:  мемлекетіміздің дамуына үлес қосқан отбасылар анықталуда, ал бұл руханият пен салауатты қоғамды қолдау үшін өте маңызды. Байқау балалардың талантын ашудың, көңіл-күйдің, құндылықтарының қайнар көзі отбасы екенін көрсетуде. Біздің қаланың жеңімпаздары – бұл көптеген алматылықтар мен қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарына үлгі болатын отбасылар», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға 142 отбасы өтініш берген. Наурызбай ауданының Ахметовтар отбасы жеңімпаз атанды. Ахметовтар отбасының жұбы – екеуі де дәрігер, кіші қызы мен немерелері ата-аналарының жолын қуған.

Бостандық ауданынан –медицина саласына айтарлықтай үлес қосқан Бестембаевтар отбасы марапатталды.

Байқауды өткізу жөніндегі қалалық комиссияның құрамына қала әкімінің әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі инспекторы, қалалық басқармалар басшылары, ҮЕҰ өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері және т.б. енді.

Айта кетерлігі, шара адамдарды көп жинамай, эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өтті. Марапаттауға келген қатысушылар вакциналанғандар қатарында.

Еске салсақ, «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы, адамгершілік, руханият институттарын нығайту, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңызын түсіну және ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, кәмелет жасына толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына қамқорлық танытулары мақсатында өткізіледі.