Алматы қаласы Мәслихат депутаты аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Алматы қаласы Мәслихат депутаты аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Алматы мәслихатының депутаты Мұхтар Зулеев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы өкілдерімен бірге ауданының бірнеше мектебінде болып, пандемия кезінде оқу орындарында жүргізіліп жатқан құрылыс және сейсмикалық күшейту жұмыстарымен танысып қайтты.

№60 мектеп-гимназияда болған депутат жөндеу жұмыстарында линолеум төсеу сапасы, терезелерді орнату, жылыту жүйелеріне назар аударып шықты және мектеп пен осы маңдағы тұрғындардың басқа да  проблемаларын талқылады.

Сондай-ақ, депутат №40 мектеп-гимназиясында болып, мектептің жаңа оқу жылына дайындығын, жөндеу жұмыстарының барысымен танысып,  сыныптарда, әдістемелік кабинеттерде болды, спорт залдарының жай-күйін бағалады, ғимараттардың жаңа жылыту маусымына дайындығын тексерді.

"Біз қазір Бостандық ауданындағы бірнеше мектепте жөндеу жұмыстарының аяқталуын тексеру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатырмыз. Жаңа оқу жылының басталуына дейін Орбита-3 шағын ауданындағы №40 және №45 мектеп, сондай-ақ Бұқар Жырау көшесіндегі №81 мектеп ғимараттарының жұмысын аяқтау жоспарлануда, қазір қалпына келтіру жұмыстары мен күрделі жөндеу жүргізілуде. Қаланың жайлы қалалық орта басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйек айында бұл нысандар пайдалануға беріледі", - деді Мұхтар Зулеев.

Сонымен қатар, ол мердігер ұйымдардың құрылыс жұмыстарын, олардың қажетті жұмыс көлемін қаншалықты сапалы және белгіленген мерзімде орындайтынын тексерді.