Алматыға қосылған шағын аудандар тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Алматыға қосылған шағын аудандар тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы онлайн-презентация кезінде Түрксіб, Медеу және Бостандық аудандарының жаңа шағын аудандарындағы инженерлік коммуникациялар құрылыстарының қарқыны туралы хабарлады.

Түрксіб ауданында 245,6 мың адам тұрады. Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы 772 км құрайды, оның ішінде сумен жабдықтау желілері — 534,9 км, кәрі желісі — 237 км.

Биылғы жылы үш шағын ауданның 12 мың тұрғыны (2814 үй) — Әлмерек, Қайрат, Нұршашқан жаңа сумен қамту желілеріне қосылады.

Медеу ауданында 220,6 мың адамды тұрады. Ауданда 841,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілері бар, оның ішінде сумен жабдықтау желілері — 616,3 км, кәріз желілері — 225,4 км. Аудан тұрғындарының 98,3% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы Думан, Көлсай шағын аудандарының 5 мың тұрғыны (1448 үй) сумен жабдықтаудың жаңа желілеріне қосылады. 2022-2023 жылдары Көлсай және Тасты қырат шағын аудандарының тағы 5,5 мың тұрғыны (1429 үй) желіге қосылады.

Биылғы жылы Думан және Көлсай шағын аудандарының 6,2 мың тұрғындарын (1698 үй) судан бұрудың жаңа желілеріне қосу жоспарланған. 2022-2023 жылдары Тасты қырат шағын ауданның тағы 4,3 мың тұрғыны (1 179 үй) судан бұру желісіне қосылады.

Бостандық ауданында 360 мың адам тұрады, оның ішінде 347,6 мың тұрғын немесе 96,6% орталықтандырылған сумен жабдықталған.

Қалаға қосылған шағын аудандардағы басты проблема – сумен қамту көздерінің тапшылығы.

Қазіргі кезде тәуліктік сыйымдылығы 9 мың текше метр болатын «Ерменсай» су жинайтын нысанның жобасы сараптамадан өтуде. Бұл жоба Ерменсай, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка шағын аудандарының 22 мың тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін болады. Нұрлытау, Хан тәңірі шағын аудандары мен Дулати көшесінің бойына ұзындығы 97 км болатын инженерлік желілерді салу жобасы жасалуда.