Бостандық ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы жүргізетін алдын алу жұмыстарының бірі алдын алу жүйесінің барлық субъектілерінің қатысуымен ведомствоаралық рейдтерді ұйымдастыру болып табылады.
Бүгін де ведомствоаралық комиссия рейд жүргізді, оның ішінде кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін тұрғын үй-жайлардан тыс болуына жол бермеу бойынша.
Анықталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Сондай ақ комиссия мүшелерімен жаңа үнді дельта штампының өршуіне байанысты көшеде, қоғамдық орындарда жүру кезінде әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, маска кию, қолды антисептикпен сүртіп жүру сияқты ережелерді түсіндірілді.