Бүгін ағымдағы жылдың 17 маусымында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Алтай Рахымбетовтың төрағалығымен "РАМС Казахстан" ЖШС құрылыс компаниясының өкілдерімен және Сакура ТК тұрғындарымен коммуналдық қызметтерді (электр энергиясы және газ) жеткізушілер алдында пайда болған дебиторлық берешек мәселесіне қатысты кеңес өтті.
Мәжіліс отырысына Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев, Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Искаков Данияр Сұлтанұлы, Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Алмырза Бекежан, Сакура Сервис ЖШС өкілдері, Бостандық ауданы ҰҚКД қызметкері, Алматы Энергосбыт ЖШС, СтройСервис Холдинг ЖШС өкілі және Сакура ТК тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде төлемдерді жинау және кредиторлық және дебиторлық берешекті азайту мәселесі қаралды.
Отырыс барысында төлемдер мен электр энергиясы мен газды тұтыну, дебиторлық және кредиторлық берешекті азайту, сондай-ақ ТБ ұйымдастыру және тағы басқа да тұрғындар жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар басқа да маңызды шешімдер қабылданды.