Алматыда Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Алматыда Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жаңа басшысы болып Марат Ахметов тағайындалды.

Департаменттің жаңа басшысын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов таныстырды.

Марат Ахметов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Антикордың ақпараты бойынша, Ахметов 1992 жылдан 2005 жылға дейін Павлодар облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2005-2007 жылдар аралығында Бас прокуратура департаментін басқарды. 2007 жылдан 2014 жылға дейін Нұр-сұлтан қаласының прокуратурасында, сондай-ақ Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында басшылық лауазымдарды атқарды.

2014-2019 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы болды. Антикордың мәліметінше, соңғы тағайындалғанға дейін Ахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің басшысы болған.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын аумақтық Экономикалық тергеу департаменттерінің екі басшысы тағайындалғаны туралы хабарланған болатын.

Алматыда тиісті Департаментті Емберген Құдайбергенов, Жамбыл облысында Қайрат Бектембаев басқарды.