Бостандық ауданында уақытша ыстық су болмайды.

Бостандық ауданында уақытша  ыстық су болмайды.

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимаратқа ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Алматының жоғары бөлігінде ысқты су бір күнге ажыратылады. 14 маусым таңғы сағат 8:00-ден 15 маусым таңғы сағат 8:00-ге дейін Бостандық ауданындағы Сәтбаев – Наурызбай батыр - Тимирязев - Сейфуллин көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді.

«Жылу желілеріне жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілді.

Тұрғындардың жағдайға түсінікпен қарауын өтінеміз»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.