Алматыдағы әр ағаш есепке алынады

Алматыдағы әр ағаш есепке алынады

Алматыда жасыл желек деректерінің базасы жасалады. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы кезекті тікелей эфир барысында мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, «жасыл қала» мәртебесін сақтау үшін әр ағаштың төлқұжатын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Бұл қаланың жасыл қорын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Ол үшін электрондық есепке алу жүйесі енгізілуде, 2,3 миллионнан астам ағашты түгендеу және паспорттау жүргізілуде. Жүйе ағаш отырғызатын алаңдарға, оның ішінде қалпына келтірілетін жасыл алқапқа мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді»,- дейді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, ол Алматыда цифрландыру дамыған кезде түрлі ақпараттық жүйеден мәліметтер жинақталады, оларды қала игілігі үшін басқару керектігін айтты.

Осыған орай үш үлкен тапсырманы шешуге мүмкіндік беретін бірыңғай мәліметтер базасы жасалады, олар: - алда тұрған міндеттерді шешу үшін басқарудың цифрлық негіздегі деректер базасын құру; - қаланың түрді басқармалары арасында ақпарат алмасу жөніндегі жұмысты ыңғайлы және жылдам ету; - ІТ алаңы, қорғалған орта арқылы пайдаланушылардың мәліметтер негізінде жаңа жобаларды жасаулары үшін сыртқы пайдаланушыларға мәліметтер беру.