Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында "Сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары" тақырыбында кеңес өтті.
Кеңеске аудан әкімінің бірінші орынбасары С.Аділбаев, әкім аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Б. Алиярова және, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық - насихаттау штабының жетекшісі - Саят Сергеевич Балғымбаев және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық - насихаттау штабының мүшесі - Шолпан Серікқызы Бижанова сөз алып, түсіндіру жұмысын жүргізді.
Артынан тыңдаушылармен дискуссия өтті.
Сыбайлас жемқорлық-бұл қызмет бабын теріс пайдалану, пара беру, пара алу, өкілеттікті теріс пайдалану, коммерциялық параға сатып алу не жеке тұлғаның өзінің лауазымдық жағдайын қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қарамастан, ақша, құндылықтар, өзге де мүлік немесе мүліктік сипаттағы қызметтер, өзі үшін немесе үшінші тұлғалар үшін өзге де мүліктік құқықтар түрінде пайда алу мақсатында өзге де заңсыз пайдалануы не осындай пайданы басқа жеке тұлғалардың заңсыз беруі.