4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым  ҚР Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай ауданда автошеру шарасы өтті.

Автошеру Тілендиев көшесінен басталып Абай даңғылы бойымен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына дейін жалғасты.

Шара барысында Ұлттық ұлан әскерлерінің оркестірінің сүйемелдеумен жастар мемлекеттік гимнді шырқады.

Сондай-ақ ауданда орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерде, ойын-сауық орталықтарында, мәдениет және спорт нысандарында мемлекеттік ту орналастырылды. 

                                         Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін әлемге жария етуші, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы әрдайым биік желбірей берсін!