Медбикелер күнімен құттықтаймыз!

Медбикелер күнімен құттықтаймыз!

Эпидемия жағдайында медбике мамандығы маңызды мамандықтың біріне айналды. 12 мамыр  Халықаралық медбикелер күні. Бұл мереке 150 жылдан астам тойланып келеді, бірақ 1974 жылдан бастап ресми түрде атаулы күн болып белгіленді. Содан бері бұл ең қажетті және маңызды мамандықтардың өкілдеріне алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі. Медбикелер Денсаулық сақтау саласында маңызды рөл атқарады, дәрігерлердің немесе фельдшердің науқастарға күтім жасау туралы бұйрығын орындайды.

Бүгін Бостандық ауданындағы №12 орталық қалалық клиникалық ауруханада аудан медбикелерін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Ертайқызы Балбаева құттықтап, аудан әкімінің атынан грамоталар мен алғыс хаттар және гүл шоқтарын табыстады.

"Құрметті медбикелер, кәсіби мерекеңізбен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін әрқашан шынайы алғыс айтқымыз келеді. Халыққа жасап жатқан  жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын. Сіздердің қазіргі пандемия жағдайында ерлікпен пара пар қызмет атқарудасыздар. Сол еңбектеріңіз табысты, денсаулықтарың зор болуын тілейміз»,- деді аудан әкімінің орынбасары М. Балбаева.

Эпидемия жағдайында медбикенің мамандығы одан  асыл да маңызды. Себебі олар еңбек етуде тәулік бойы білек сыбанып кіріседі. Тіпті өз мерекесінде де олар кезекшілікте - қазір демалуға уақыт жоқ. Мүмкін, бұл таңдалған мамандыққа деген сүйіспеншілік пен адалдық шығар.

Құрметті ауданымыздың медбикелері мерекелеріңізбен құттықтаймыз!