Алматы қалалық мобильділік басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы қалалық мобильділік басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ғани Мырзаханов Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысы болып тағайындалды

Енді ол жолдардың жағдайы мен жолаушылар көлігі жұмысына жауап береді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Бүгінге дейін қалалық мобильділік басқармасы басшысы лауазымы бос болды. Бұл қызметке бүгін Ғани Әуезханұлы Мырзахановты тағайындадым. Ол - жол жүйесінің маманы», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ғани Мырзаханов 2016 жылдан бастап «Алматы тазалық» кәсіпорнының басшысы болды. Ал 2008 жылдан бастап жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.