Алматының Алмалы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматының Алмалы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ержан Сейтенов Алмалы ауданының әкімі болып тағайындалды

Ержан Сейтеновтің кандидатурасы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен жетінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясында мақұлданды.

Ержан Іргебайұлы 1974 жылы туған. Х. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бітіріп, сондай-ақ магистр дәрежесін алды. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы ЖМК-11-де жұмысшы болып бастаған. Біраз жылдар квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ Алматы қаласының коммуналдық кәсіпорындарында басшы болды. Сонымен қатар, жерді пайдалану мен қорғау, жасыл экономика басқармаларын басқарды. Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасына басшылық етіп келді.