Бүгін Қазақстандықтар Отан қорғаушылар күні атап өтілуде.

Бүгін Қазақстандықтар Отан қорғаушылар күні атап өтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қарулы Күштерін құру туралы жарлық шығарды. 20 жылдан кейін, 2012 жылы заңнамаға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес 7 мамыр мемлекеттік мереке - Отан қорғаушылар күні болып жарияланды. 2013 жылдан бастап бұл күн демалыс күні болып табылады.   

Дәстүр бойынша бұл күні Қазақстанда тек Отан қорғаушылар күніне ғана емес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар бастау алатын.

Алайда биылғы жылы коронавирус індеті қазақстандықтарға көшеге шығуға және Отан қорғаушылар мен ардагерлерді бірлесіп құттықтауға мүмкіндік бермеді.

Іс-шаралардың бір бөлігі көрермендердің қатысуынсыз өткізіледі, олар теледидардан көрсетіледі. Мерекелік іс-шаралар мен концерттердің тағы бір бөлігі онлайн форматқа көшірілді.