Тікелей эфирде қылмыстың алдын алу рейді өтті

Тікелей эфирде қылмыстың алдын алу рейді өтті

Бостандық ауданының №69 жалпы білім беру мектебі Қазақстанда алғаш рет Алматы қалалық білім басқармасының қолдауымен келесі мектептердің рейдтік топтарының қатысуымен Instagram желісінде  тікелей эфирде жасөспірімдер арасында қылмысты алдын алу рейдін өткізді: №10 ЖЖБМ, 21 гимназия, №40 ЖЖБМ, №45 ЖББМ, №60 гимназия, №63 ЖББМ, №69 ЖББМ, №70 ЖББС, №125 ЖББМ, №146 мектеп-лицей, №10 мектеп-интернат, №191ЖББМ.

Аталған шараға ата-аналар комитеттерінің төрағалары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Бостандық ауданы ІІБ ЮПБ инспекторлары, мектепинспекторлары қатысты.

Рейд барысында барлық мектеп өкілдері өздерінің инсто парақшаларынан  тікелей эфирге шықты. Рейдтік топтар шағын аудан тұрғындарымен карантиндік нормаларды сақтау, әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндірме әңгіме өткізді.

Рейд барысында серуендеп, сабақтан қашатын жасөспірімдер табылған жоқ.

Мектеп басшылары Бостандық ауданының жастарын карантиндік шараларды сақтауға, жаман қылықтар мен қылмыстар жасамауға және тәртіпті бұзбауға шақырады.