Бостандық аудандық білім бөлімі, "Устаз" Бостандық кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, "Үздік педагог-2021" республикалық байқауының аудандық кезеңіне және "Алматы Жыл мұғалімі" қалалық байқауына қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Салтанатты шараны Бостандық ауданы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Қалжанов құттықтау сөзімен ашты.
Одан кейін "Ұстаз" аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ахметбаева Гүлнар Бектасынқызы құттықтады.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және кәсіподақ атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарға шығармашылық табыс тілейміз!