«Жаз жақындап қалды, ал бұл демалатын және балалардың демалысқа шығатын маусымы. Егер қалыпты өмір салтына тезірек оралғымыз келсе, вакциналануды кейінге қалдырмайық» - алматылықтарды екпе алуға шақырды.
«Вакциналану– өзіңді және жақындарыңды коронавирустан қорғаудың ең тиімді жолы» - алматылықтарды вакцина алуға шақырды
Егу науқанының барысы туралы Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында айтып берді. Оның айтуынша, 2021 жылдың 1 ақпанынан 30 сәуіріне дейін 40 329 адам егілді, оның ішінде СпутникV-мен – 39 975 және QazVak-пен – 354 адам вакциналанды. Аудан әкімі қала тұрғындарын екпе салдыруға шақырды.
Алтай Рахымбетов Бостандық ауданы коронавирусқа қарсы вакцинамен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті. Оның ішінде қазақстандық екпе де бар. Бостандық ауданының аумағында 43 егу пункті жұмыс істейді.
Вакцина салу төрт қалалық емхана базасында – 21 пунктте, жеке медициналық орталықтарда («Достар Мед» ЖШС, «Smart health university city» ЖШС, «А CLINIC» ЖШС, «Медикер» МО, «Керуен Медикус» МО) – 9 пунктте, сонымен қатар сауда орталықтары мен мұражайда қосымша 13 вакцинация пунктерінде жүргізіледі. Медициналық қызметкерлердің 62 бригадасы жұмылдырылды. Әр пункттің өткізу қабілеті күніне 200 адамға дейін.
Егу пункттері танымал «Алма-ата MEGA Орталығы», «Алма ата», «Форум», «ESENTAI MALL», «ADK», «AVTODOM», «Галерея» сауда орталықтарында, 9е Атакент павильонында орналасқан.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында қосымша егу пункті ашылды.
Ауданның мүмкіндіктері мен вакциналау барысы туралы айта келе, аудан әкімі халықты екпе алуға шақырды.
«Жаз жақындап қалды, ал бұл демалатын, балалардың да демалысқа шығатын маусымы. Егер біз қалыпты өмір салтына тезірек оралғымыз, саяхатқа шығып, театр мен киноға барғымыз келсе, онда вакциналануды кейінге қалдырмайық», - деді А.Рахымбетов.
2021 жылдың 1 тоқсанында 3 896 жұқтыру жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 336–сы ауруханаға, 2560-ы амбулаторияға жатқызылды.
Ауданда барлық әлеуметтік нысандарда медициналық және санитарлық бақылау күшейтілді.
Күн сайын ауданның 35 дәріханасы бойынша 51 қажетті дәрі-дәрмектер мен вирусқа қарсы препараттардың, сынап термометрінің, бетперделердің бар-жоғына мониторинг жүргізіледі.
Мобильді топтар COVID-19 ауруының таралу қаупі туралы ақпараттық плакаттарды орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
«Коронавирустық инфекцияны таратпау, карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын бақылау және анықтау мақсатында карантин кезеңінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша 4 мобильді топ жұмыс істейді», - деді аудан әкімі.
2021 жылдың 1 тоқсанында 1 591 нысан тексерілді, 23,9 млн.теңге сомасына 350 хаттама толтырылды, оның ішінде: жеке тұлғаларға 323 хаттама; заңды тұлғаларға 27 хаттама.