Алматыда "күнтізбе көшесі" пайда болады

Алматыда "күнтізбе көшесі" пайда болады

Алматыда күнтізбе көшесі пайда болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен 2021 жылы Алматының даму жоспарлары бойынша таныстырылым барысында Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтып берді.

Қаланың бас сәулетшісінің айтуынша, Мүсірепов көшесіндегі жол 365 бөлікке бөлінеді, бұл жылына 365 күнді білдіреді.

"Көшенің бүкіл ұзындығы көлденең сызықтармен 365 бөлікке бөлінеді, әрқайсысының ені бір метр және әрқайсысы жеті түрлі тастан жасалған табиғи төсеммен төселген. Көлденең сызықтардың әрқайсысында күнді білдіретін сандармен жарықтандырылған қола тақтайшасы болады. Әр 30-31 күн сайын- айдың белгісі бар үлкен тақтайша", - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Сонымен қатар, әр айдың осы аумағында спортқа, балаларға, селфиге, астрономияға, тілектер жасауға, жаңбыр мен күннен қорғауға арналған функционалды өнер нысандары орналасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда Сайран көлінің жағалауы қалай өзгеретіні белгілі болды.

Сондай-ақ, ұзындығы бір шақырымнан асатын әл-Фараби бойымен бірегей көпір салу жоспарлануда. Тұңғыш Президент саябағының алдындағы тұрақ бұзылады.