Ауданның көп балалы аналарымен кездесу өтті

Ауданның көп балалы аналарымен кездесу өтті

2021 жылы 7 сәуір күні Бостандық ауданының №22 жалпы білім беретін мектебінде аудан әкімінің орынбасары Маржан Ертайқызы Балбаеваның төрағалығымен көпбалалы отбасыларға қолдау және көмек көрсету аясында көпбалалы аналармен кездесу өтті.

Кездесуге Алматы қаласы әлеуметтік әл - ауқат басқармасының басшысы - Нәзира Асылбекқызы Тоғызбаева, Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары - Ермек Айтбайұлы Әміров, Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары - Қайрат Ізбасарұлы Жұманов, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары - Нұрлан Тәңіртайұлы Құлболдинов, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы - Жайна Үсенғазықызы Кенжеғалиева және көп балалы аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар қатысты.

Кездесу барысында атаулы әлеуметтік көмек алу, тегін дәрі-дәрмек алу, Тұрғын үй кезегіне тұру мен балаларға арналған барлық тегін үйірмелер мен секциялар жабылуы туралы шағым көтерілді.

Барлық сұрақтарға құзыретті жауаптар мен түсініктемелер берілді.