Алматыда шығармашыл жастарды іздестіру қосымшасының тұсаукесері өтті

Алматыда шығармашыл жастарды іздестіру қосымшасының тұсаукесері өтті

Алматы қаласының креативті индустриясын дамыту  жөніндегі кеңесте ізденушілер мен жұмыс берушілердің  «919» қосымшасының тұсаукесері өтті.

Фотографтар, музыканттар, модельдер, вокалистер, видеографиканы жасаушылар және шығармашылық мамандықтың басқа  өкілдері енді өз жұмыстарын осы қосымша арқылы жүктей алады. Ал жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын орналастырып, онлайн сұхбаттар мен кастингтерді  өткізеді.

Кеңес құрамына енген қосымшаны жасағандардың айтуынша, платформа тапсырыстар мен орындаушыларды  іздестірудің тиімді тетігі.

Платформа қолданушылардың  географиясын кеңейтеді. iOS және Android базасындағы қосымша креативті индустрия саласын дамытудағы маңызды шарттың бірі болып табылатын шығармашыл мамандар еңбектерінің тапшылығын айқындауға мүмкіндік береді.