Көктем мерекесі қарсаңында нәзік жандыларды құттықтады

Көктем мерекесі қарсаңында нәзік жандыларды құттықтады

8 наурыз көктем мерекесі қарсаңында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы «Бақытты отбасы» отбасы және көп балалы аналарды қолдау орталығында болып, әйелдерді келе жатқан 8 наурыз Халықаралық мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында Маржан Ертайқызы орталықтың жұмысымен танысып, көп балалы аналармен әңгімелесті. Артынан мерекемен құттықтап, мақтау қағаздарын, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады.

Бостандық ауданында көп балалы аналарға жаңа мамандықтар үйретіліп, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Ол үшін ауданда «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталық жұмысы шеңберінде әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту бойынша ISKER ANA бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Орталық әйелдермен кездесулер өткізіп, олардың бизнес-жобаларды дамыту қабілеттерін анықтайды.

Ғимаратта коворкинг орталығы, жаттығу сабақтары, психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерге арналған кеңес бөлмелері, жабдықталған балалар бөлмесі және балалар алаңы бар.