1 Наурыз- ҚР Алғыс айту күні

1 Наурыз- ҚР Алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні.  
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өту елімізде   дәстүрге айналды.  

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.