Тұрғындармен тиімді жұмыс жүргізту мақсатында аудан әкімі әр апта сайын азаматтарды қабылдайды.
Бүгінде бекітілген кестеге сәйкес Бостандық ауданы әкімі Алтай Рақымбетов аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға 6 адам жазылып келді.
Тұрғындармен қойылған сұрақтардың барлығы күнделікті тұрмыс тіршілігі төңірегінде болды.
Кездесу барысында қойылған барлық сұрақ, өтініштерді тыңдаған аудан басшысы олардың шешілу жолдары мен орындалуын жауапты орынбасарларына және тиісті бөлім басшыларына тапсырып, бақылауға алды.