Бүгін әкімнің орынбасары азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Бүгін әкімнің орынбасары азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

  Бүгін Бостандық ауданы әкімі аппаратында «Open space» - «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінде аудан әкімінің орынбасары Серік Әділбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

«Ашық кеңсе" форматында тұрғындарға қажетті мемлекеттік қызметтер мен кеңестер беріледі. Мұнда Аудан әкімі мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке сұрақтарымен  қабылдайды.

Бүгінгі қабылдауға алдын ала 12 адам  жазылып келді. Сұрақтар әртүрлі тақырыпта болды. Аула аумағын абаттандыру, материалдық көмек көрсету және тағы басқалар.

«Мемлекеттік қызметтерді алу процесі тұрғындар үшін барынша қарапайым және ыңғайлы бола бастады, бұл ел Президенті айтқан  «Естуші мемлекет » қағидатына сәйкес келеді.