Алматыда карантин күшейтіледі

Алматыда карантин күшейтіледі

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыға 28 қаңтарда қол қойылған және 1 ақпан күні күшіне енеді.

Құжатта сауда ойын-сауық орталығы мен кафе, мейрамхана мен базарлардың жұмысына шектеулер енгізу жайы қамтылған.

Жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі.

Ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салынды. Сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілді. Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 9:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат. Толымдылық деңгейі 50% аспайды, әр үстелге 4 орыннан рұқсат беріледі.

Әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтау қажет. Сондай-ақ, жаңа қаулыда сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан тамақтандыру орындары мен фудкордтардың жұмысын шектеу жайы қарастырылған. Олар сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы тек дайын тамақты үйіне жеткізу бойынша қызмет ете алады.

Қаулының толық мәтінен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз

https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu  almaty/documents/details/121274?lang=kk